Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері жарты жылда қызметтік көлікпен 200 рет жол қозғалысы ережесін бұзған
Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері жарты жыл ішінде жұмыс көліктерімен жол жүру ережесін 200-ден астам рет бұзған, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
«Бірінші жартыжылдықта қызметтік көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың 201 фактісі анықталды. Жалпы 112 адам жауапкершілікке тартылды», - деді ведомство басшысы Думан Әбілев
Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімдерінде 800-ден астам қызметтік көлік бар.
Тексеруден кейін 400 мың теңге іссапарлар үшін заңсыз төленгені анықталды. Ақпаратты зерделеу қорытындысы бойынша департамент қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта пайдаланудың 21 фактісін анықтады.
Жалпы 13 тұлға, оның ішінде тоғызы қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланғаны үшін, екеуі мемлекеттік орган басшылары тарапынан тиісті бақылау болмағаны үшін, екеуі іссапар шығындарын негізсіз төлеуге және кәсіпкерлік қызметті дұрыс ресімдемеуге байланысты және басқа да құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды