Ақмола облысында науқасты алдап, 1,5 млн қаржыны қалтасына басқан дәрігер сотталды

cover Фото: freepik.com

Ақмола облысында қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасаған көпсалалы аурухананың дәрігеріне үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Тергеу мәліметінше, шілде айында терапевт бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы дәрігер қант диабеті және жедел коронарлық жүрек синдромы бар науқасты қабылдайды. Дәрігер науқасты Астананың №2 қалалық ауруханасына жіберсе, науқас тегін емделетін еді.

Алайда сотталушы әйелге аталған ауруханада кардиохирургпен емделу үшін 1,5 млн теңге төлеуді ұсынады. Науқас сол күні дәрігер айтқан қаржының үштен бірін, ал келесі күні қалған қаражатты аударады.

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Оның қылмысы жәбірленушінің айғақтарымен, сараптамалар қорытындысымен және заттай дәлелдемелермен расталды.

Дәрігерге екі жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды. Сонымен қатар, дәрігер медициналық қызметпен үш жыл айналыса алмайды.

Айта кетейік, әртіс Айнұр Ілиясованың мәлімдемесінен кейін Сызғанов орталығындағы дәрігер жұмыстан кетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар