Ақмола облысында экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін сегіз адам сотталды
Фото: ҰҚК
Ақмола облысында экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін Қазақстанның жеті азаматы мен бір шетелдік сотталды.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның жеті азаматы мен бір шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында сотталғандардың айналасындағылардың арасында идеологияны таратқаны, зайырлы өмір салты мен конституциялық құрылысқа өшпенділік ұялатқаны анықталды» делінген хабарламада.
Олардың тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде айтарлықтай көлемдегі діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленгені атап өтілді.
Сотталғандардың үшеуі бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны көрсетілген.
«Ақмола гарнизоны әскери соты оларды бір жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті» делінген хабарламада.
2024 жылдың 2 сәуірінде үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды