Ақмола облысында есірткі таратқан 19 жастағы екі жігіт ұсталды

cover Фото: видеодан кадр

Көкшетау қаласында есірткі сатумен айналысқан екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, қызметкерлер есірткі іздеуші иттердің көмегімен екі 19 жастағы жігітерді ұстаған. Жеке тінту кезінде ұсталғандардың әрқайсысынан психотроптық зат салынған пакеттер табылған. Сондай-ақ полиция тағы бес есірткі қоймасының орнын анықтап үлгерді. Тәркіленген заттардың барлығы сараптамаға жіберілді, ол салмағы 50 грамнан асатын пакеттерде психотроптық заттың барын растады.

Олар куратордың айтуымен пакеттерді өзара бөлісіп алып, жасыруға талпынған және  сондай іс үстінде ұсталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар