Ақмола облысында екі адам көлікте тұншығып қаза тапты

cover

Олардың бірі полиция қызметкері деген болжам бар.

Бұл туралы sinegor.kz хабарлады.

Ресурстың хабарлауынша, бір күн бұрын Есілдегі көлік жуу орнынан Audi A6 көлігінен екі ер адамның мәйіті табылған.

«Полиция екеуінің де кім екенін анықтады. Қайтыс болғандардың бірі - Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген полиция сержанты. Екіншісі – жергілікті тұрғын» деп хабарлайды sinegor.kz.

Зардап шеккендердің денелерінен зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмады. Ер адамдар тұншығып қалған болуы мүмкін деген болжам бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар