Ақмола облысында дәрігерлер жаңа туған сәбидің өліміне айыпталып отыр

cover Фото: Pexels

Ақмола облысында нәрестенің өліміне медицина қызметкерлерін кінәлі деп санаған туыстары наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Қоғамда үлкен талқы туғызған бұл оқиғадан кейін аймақтық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру бастады.

Әйелдің туыстары құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, дәрігерлердің іс-әрекетін мұқият тексеруді және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл іс бойынша түпкілікті шешім денсаулық сақтау басқармасының тексеру нәтижелерінен кейін қабылданады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар