Ақмола облысында болған жол апатынан балалар тірідей жанып кетті

cover

Апат салдарынан екі көлік өртеніп кеткен. Оның бірінде төрт адам қайтыс болды, оның екеуі бала.

Жол-көлік оқиғасы Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында Есіл ауданы, Ковыльное ауылының маңында болды. 716.kz порталының мәліметінше, ВАЗ 21145 көлігінің 18 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқан Audi көлігімен жанай соқтығысқан. Шетелдік көлік қарсы жолаққа шығып кетіп,  қарсы жолақта келе жатқан Volvo жүк көлігіне соғылған.

Көліктер екпінмен шұңқырға құлап, өрт шыққан. Екі көлік те толығымен жанып кеткен.

«Ауди жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның жолаушылары 40 жастағы ер адам, 35 ​​жастағы әйел және екі бала да өртеніп жатқан көлікте қаза тапты» деп хабарлады басылым дереккөзі.


Полицейлер оқиғаның мән-жайы мен қайтыс болған Audi жолаушылардың жеке басын анықтауда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар