«Әкімдік өтірікке шашалды»: Әкім миллиондарға алынған тас төсемдердің шаңына шалынды
Фото: Санжар Боқаевтың бейнесінен скриншот
Алматының Медеу ауданындағы тас төсемдерді ауыстыру төңірегіндегі жанжал өрши түсуде. Қоғам белсендісі Санжар Боқаев аудан әкімі қалаға мүлдем қажет емес жөндеу жұмыстарына жүздеген миллион теңге бөліп, халықты алдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Уәлиханов көшесінің қысқа бөлігін жөндеуге бюджеттен 296 млн теңге бөлінді. Оның үстіне тас төсемдердің жағдайы жақсы және оны ауыстыру аса қажет болмаған. Осыған орай Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин тас төсемдердің 2004 жылы салынғанын, оны ауыстыратын уақыт келгенін айтты.
«Желекжолдағы тас төсемдер 2004 жылы төселген, ол 21 жылға жуық қызмет етті. Өткен жылы оны ішінара алмастыруға тырыстық, бірақ қажетті үлгі таппадық. Түсі, пішіні және көрінісі басқа болды. Сондықтан жабынды жартылай ауыстыру мүмкін болмады. Сонымен қатар, бұл түрдің өзі ескірген және әкімдікте толықтай жаңасына ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деп түсіндірген болатын аудан әкімі.
Алайда Санжар Боқаев өзінің жауап бейнесінде шенеуніктің басқа Қарасай батыр көшесінде тұрып жағдайға қатысты түсінік бергенін айтты. Белсенді әңгімеге арқау болған Уәлиханов көшесімен жүріп, төсемдердің жағдайын өзі көрсетті.
«2004 жылдан бері жатқан тас төсемдердің осындай тамаша күйде сақталғанына сенесіздер ме? Әрине, жоқ. Сондықтан әкім басқа жерде тұрып сөйлеп тұр. 2017 жылы 167 млн теңге бөлінді, 2024 жылы 150 млн қаражат қалай игерілгені белгісіз. Ал биыл, әкім айтқандай, бұл учаскеге тағы 290 млн қаржы бөлініп отыр. Тыңдаңызшы, осыған ақылы бар адам сене ме? Шағын учаскеге соншама ақша бөліп, қажетсіз жұмыс істеу не үшін керек?», - деп таңданды Боқаев.


Сонымен қатар Медеу ауданының әкімі алынып тасталған төсемдер мердігерлерде сақталып, кейіннен басқа нысандарға пайдаланылатынын мәлімдеді. Алайда, Боқаевтың айтуынша, әңгіме ондаған мың тас тақталар туралы болып отыр. Бұл көлем нақты қайда сақталғанын ешкім көрсетпеді. Әкім атаған жерде бар болғаны тас төсем салынған 25 ағаш қорап тұр.
Жұмыстардың бағасы да көп сұрақ тудырды. Тас төсемдер мен қоршау тастарды ауыстыру оларға 100 млн теңгеге түскен, бұл бір шаршы метрдің құны 32 мың теңгеден артық екенін көрсетеді. Ал іс жүзінде шаршы метрдің құны көп болса 9-10 мың теңге болады.
Оразалиннің айтуынша, «тоттануға бейім» металл қоршауларды ауыстыруға тағы 60 млн теңге бөлінген. Бірақ белсенді оларды жай ғана жуып, бояп қою жеткілікті екеніне сенімді. Материалдар мен барлық жұмыстардың бағасы бірнеше есеге көтерілген.
«Антикор үшін жемқорлық — пара беру фактісі ғана. Ал негізінде бұның бәрі жемқорлық, түсінесіз бе? Осының бәрі ақша табу үшін бұрыннан жасалған қулық. Қосылыңыздар! Егер бүкіл ел осыны көрсе, егер әкімдік бүкіл елге масқара болғанын жалғастырса, барлығымыз бірігіп оны анықтайық. Себебі біздің ақшамызды осылай ысырап етудің ешқандай мәні жоқ. Мұндай тәсілдермен біздің еліміз ешқашан экономикалық тұрғыдан күшті бола алмайды», - деп түйіндеді Санжар Боқаев.
Бұған дейін біз Алматы орталығынан алынған тоза қоймаған тас төсемдер жеке үйдің аулаларына кеткені туралы жаздық.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды