Әкімдік қызметкері әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген

cover Фото: 24KG

Қырғызстанның Талас облысы Бакай-Ата ауданында 32 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин құйып  өртеп жіберген, деп хабарлайды Orda.kz.

24KG мәліметінше, оқиға өткен жылдың 15 қазанында болған. Күйеуі алдымен оны соққыға жығып, кейін үстіне бензин құйып, от қойған. Күйеуі ортақ балаларына қастандық жасаймын деп қорқытып, қылмысты «кездейсоқ оқиға» деп айтуды талап еткен.

Зардап шеккен әйелдің денесінің шамамен 60 пайызын күйік шалған. Полицияға 5 ақпанда ғана арыз түсіп, «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынды. Ер адам Талас қаласы әкімдігінде қызмет атқарған. 

Еске сала кетейік, күні кеше Талдықорғанда 3 жасар бүлдіршінді әкесі мас кезінде өлімші етіп сабаған. Сәбидің анасы Orda.kz тілшісіне сұхбат беріп, мән-жайды айтып берді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар