Әкімдік алдында өзін өртеген ер адамның жағдайы белгілі болды

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтау әкімдігінде ер адам өзін өртеп жіберді. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 5 желтоқсан күні ер адам әкіммен жеке кездесуді талап еткен. Алайда бұл күні облыс басшысы жеке мәселелер бойынша халықты қабылдамайтыны айтылған.

«Бірақ ол бұл жауапқа қанағаттанған жоқ, үстіне жанғыш қоспа төгіп, жағып жіберді», делінген хабарламада.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі ер адам өте ауыр жағдайда екенін хабарлады. 

Науқасты ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығының реаниматологы және комбустиологы тексеріп жатқаны белгілі болды. 





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар