Әкесін соққыға жығып өлтірген кісінің әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Түркістанда ер адам өзінің қарт әкесін өлімші етіп сабаған. Бүгін күдіктінің әйеліне қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, ер адамның қарияны ұрып-соғып жатқан видеосы тараған еді. Кадрларда беті қан болған ақсақал көрінеді. Үлкен кісі орнынан тұра алмаған соң, оны ұрған жігіт әйелін шақырып, екеуі бірге қартты сүйрей бастайды.
Кейін белгілі болғандай, бейнежазбадағы адам – Түркістан облысының тұрғыны, ал соққыға жығылған оның қарт әкесі екен. Келіні бұл әрекетке тосқауыл болмаған. Жантүршігерлік кадрларды көршісі жасырын түсіріп, жариялаған.
Атасы қаза тапқаннан кейін ұлына қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша «жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ, күдіктінің әйеліне де тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 109-1-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша «айыптыға айқын дәрменсіз күйде немесе одан материалдық не өзге де тәуелділікте болған адамға күш қолдану» дерегімен қозғалды.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Сонымен қатар тергеу барысында арызда келтірілген барлық уәждер тексеріліп, аяқталған соң қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», деп мәлімдеді Түркістан облысының ПД.
Полиция сондай-ақ зейнеткер қайтыс болмай тұрып, ешбір адамның осы жағдайды мәлімдемегенін атап өтті.
Жаңалықтар
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады