«Ақ үй тарихындағы ең жас хатшы»: Кэролайн Левитт Трамптың жаңа баспасөз хатшысы болды

cover Фото: Reuters

27 жастағы Кэролайн Левитт Трамптың жаңа баспасөз хатшысы атанды. Ол Ақ үй тарихындағы ең жас баспасөз хатшысы болып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.

27 жастағы Кэролайн Левитт өзіне Ақ үй тарихындағы ең жас баспасөз хатшысы атағын алып, алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. Ол бұған дейін хатшы болған 29 жастағы Рональд Зиглердің рекордын жаңартты.

«Ақ үй тек дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен емес, блогерлер, подкастерлер және әлеуметтік желі ықпалдылары сияқты жаңа медиамен де жұмыс істейтін болады», — деді ол. 

Сонымен қатар, Левитт Байден әкімшілігі тарапынан жарамсыз деп танылған 440 журналистің аккредитацияларын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын айтты.

Левитт баспасөз залында бірінші қатарды енді жаңа медиа өкілдеріне арнайтынын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар