Айуандықпен кісі өлтірді деген күдікті Түркиядан экстрадицияланды

cover Фото: gov.kz

Қазақстан азаматы тонау, кісі өлтіру және көлік ұрлау айыптары бойынша экстрадицияланды.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды.

«2022 жылдың наурыз айында күдікті мен оның ағасы Алматы облысында құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдап келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасаған. Сыбайластар оны өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көміп тастаған» деп хабарлады ведомство.

Көп ұзамай күдіктілердің бірі ұсталды, екіншісі қашып кетті. Соңғысы халықаралық іздеуге жарияланды.

2023 жылдың тамызында ол Түркияда ұсталды. Экстрадицияланғаннан кейін Қазақстан азаматы Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұндай қылмыстар дүниесі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге (немесе өмір бойына) бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар