«Айлығын бермеген»: Ақмола облысында жұмыс беруші жұмысшыны ұрып-соқты

cover Фото: Elements.envato.com

Ақмола облысында жұмыс беруші айлық төлемей, ұрып соққан соң, жәбір көрген жұмысшы бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

Nayzakokshe.kz мәліметіне зер салсақ, Ақмола облысының Вознесенка ауылында Евгений есімді ер адам үш жылдан бері бір адамның қол астында жұмыс істеп келеді. Евгений балалар үйінде тәрбиеленді, үш жылдан бері отбасымен Вознесенка ауылына қоныс аударған.

Жұмыс берушісінің қолында мал бағады. Алайда қожайынының Евгенийді ұрып-соғатыны белгілі болды. Бірнеше күн бұрын Евгений ер адамнан баласын мектепке қажетті заттарын алу үшін және Көкшетауға жіберу үшін жалақысын беруді өтінген еді. Бірақ ол бас тартқаннан кейін, ер адам қашып кетеді. Қорлыққа шыдамаған ол бейнеүндеу жариялады.

Айта кетсек, Евгений айтып отырған адамға қатысты бұған дейін де ауыл тұрғыны полицияға шағымданған. Ақпарат жария болғаннан кейін бұл полицей зейнетке шығып кетті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар