АЭС-тің жыры: Апат болса, жауапкершілікті кім мойнына алады?
Фото: Freepik.com
Қазақстанның атомдық энергия агенттігі АЭС-те апат болған жағдайда кім жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Халықаралық ережелерге соның ішінде ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына сәйкес, атом электр станциясындағы кез келген оқиға үшін ең алдымен оның операторы жауапты болады. Үлкендегі АЭС-ке оператор — «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС.
Айта кетейік, Үлкен — Алматы облысында, Балқаш көлінің жағасында орналасқан ауыл. Ол АЭС салу жоспарланып отырған орын ретінде таңдалды.
Агенттік өкілдері мұндай модельдің көптеген елдерде қолданылатынын атап өтті. Ол залалды өтеу тетіктерін жеңілдету үшін пайдаланылады.
«Халықаралық құқық тұрғысынан алғанда, Қазақстандағы АЭС-тің операторы станцияның қауіпсіз жұмыс істеуі мен болуы мүмкін апаттардың салдары үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады. Сонымен қатар, жоба аясында консорциумға қатысушылардың шарттық міндеттемелерінің барлық қырлары қарастырылып жатыр. Оған сақтандыру механизмдері, техникалық кепілдіктер, сондай-ақ бас мердігер — “Росатомды” қоса алғанда, мүмкін болатын жауапкершілік шарттары да жатады. Бұл тармақтар бас келісімшартта көзделген», деп жауап берді агенттіктегілер.
Сонымен қатар, АЭС-тің қауіпсіз жұмыс істеуін уәкілетті мемлекеттік органдар бақылайды. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікке негізгі қадағалаушы атомдық энергия агенттігінің атомдық қадағалау және бақылау комитеті болады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық нормативтердің сақталуын, соның ішінде қалдықтармен жұмыс істеу, қалдықтар және қоршаған ортаға радиациялық әсер бойынша бақылауды өз қолдарына алады.
Бұдан бөлек, басқа да мемлекеттік органдар өнеркәсіптік қауіпсіздік, су ресурстарын қорғау, санитарлық бақылау, төтенше жағдайлардан қорғау және тағы басқа салаларға қатысты мәселелерді шешуге тартылады.
Ядролық қауіпсіздікке қатысты халықаралық стандарттардың сақталуын Қазақстанның халықаралық міндеттемелері аясында атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік те қадағалайтын болады.
Бұған дейін ведомствоаралық комиссия Қазақстанда алғашқы АЭС салу үшін ресейлік «Росатом» компаниясының ұсынысын ең тиімді нұсқа деп танығаны белгілі болды. Бұдан бөлек, Қытай, Франция және Оңтүстік Корея компанияларының ұсыныстары да қаралған еді. Қазіргі таңда Қазақстан Ресеймен экспорттық қаржыландыру мүмкіндігі жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, бірақ басқа елдермен де консорциум құру бағытында ынтымақтастықты жалғастырмақ.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды