АЭС атауына байқау жарияланды

cover Фото: GOV.KZ

Алматы облысының Жамбыл ауданында салынғалы жатқан АЭС атауына байқау жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, 29 тамызға дейін байқауды өткізетін топқа критерийлер әзірлейді. 

«Сондай-ақ құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары бар байқау комиссиясын құру жүктелді» деп жазды Атом энергиясы жөніндегі агенттік. 

Агенттік сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми байланыс арналарын пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, Тоқаев Үлкенде салынатын АЭС атауына байқау жасауды ұсынған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар