Әйелін 20 жыл бойы 50-ден астам еркекке зорлатқан ер адамға үкім шықты

cover Фото: freepik.com

72 жастағы Доминик Пелико әйелі Жизельді 10 жыл бойы есірткі беріп, зорлағанын және оны басқа ер адамдарға зорлауға ұсынғанын мойындады. Бұл атышулы іске 50-ден астам айыпталушы қатысқан, деп хабарлайды Orda.kz.

Deutsche Welle-ге мәліметінше, сот Францияның Авиньон қаласында өтті. Доминик Пелико ауырлататын жағдайлармен зорлау қылмысы үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 47 ер адам зорлаған, екеуі зорлауға әрекет жасаған, тағы екеуі жыныстық қысым көрсеткені үшін кінәлі деп танылып, 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімдерге сотталды.  

Зорлаушылардың жасы 26-дан 74 жасқа дейінгі аралықта. Олардың арасында өрт сөндіруші, журналист, жүк тиеуші жүргізуші, электрик, компания басшысы және түрме күзетшісі бар. 

Іс материалдарына сәйкес, Доминик Пелико болған оқиғалардың барлығын камераға түсіріп отырған. Сот барысында оның өз қызы мен екі ұлының да анайы бейнежазбалар түсіріп, таратқаны анықталды. Доминик Пелико қоғамдық орындарда әйелдердің белдемшелерін суретке түсіргені үшін полиция тарапынан ұсталған кезде, оның телефонынан осы кадрлар табылған.  

Бұл істің ерекшелігі — оның ашықтығы мен бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы. Мұндай жыныстық зорлық-зомбылық істерінде бұл сирек кездесетін жағдай. Осы шешімді жәбірленуші Жизель Пеликоның өзі талап етті. Оны ондаған мың француз қолдап, жаппай және жергілікті демонстрацияларға, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қолдау акцияларына қатысты.  




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар