Әйелі мен ұлын өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

cover Фото: Pexels

Қостанай облысында әйелі мен ұлын өлтірген азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот үкіміне сәйкес, Н. есімді сотталушы өмір бойына қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге тиіс.

Сот материалдары бойынша, іс ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 14-тармағының 1-тармақшасы (екі немесе одан да көп адамның, оның ішінде кәмелетке толмаған баланың өмірін қасақана өлімге жеткізу) бойынша қаралды.

2025 жылғы 29 қыркүйекте Аманқарағай ауылының тұрғыны Н. түнгі уақытта үйінде әйелі С.-ге қатысты кек сақтап, ажырасқысы келмей, одан себеп сұрамақ болған. Пышақпен қаруланып, әйелі тұрған бөлмеге бара жатып, Н. кездейсоқ өзінің кәмелетке толмаған ұлы Д.-ны оятады. Ұлы оны тоқтатпақ болып бірнеше рет әрекет жасайды, бірақ Н. оған бірнеше пышақ жарақатын салады. Сол кезде зардап шеккен С. оянып, ұлын қорғауға тырысады, бірақ Н. оған да бірнеше жерден пышақ сұғады.

Нәтижесінде, кәмелетке толмаған ұлы Д. және әйелі С. алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза табады. Сотталушы бұл әрекеті «шок жағдайында болғанын» алға тартып түсіндірген.

Оқи отырыңыздар:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар