Айдын Рахымбаев қазақ тілін дамытуға 150 млн теңге аударады
Фото: Ашық дереккөзден
BI Group холдингі Qazaq Tili Endowment Qory-на 100 млн теңге көлемінде үлес қосатын болады. Одан бөлек қазақ тілін қолдауға арналған стартаптарға 50 млн көлемінде ақша бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
BI Group басшылығы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының тіл үйренуге арналған Qazaq Lingo қосымшасын дамыту және балаларға арналған кітаптар мен өзге де жобаларды жүзеге асыруға келісім жасады. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін холдинг 50 млн теңге бөледі. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы BI Group қолдауымен мемлекеттік тілдегі сапалы контент санын көбейту үшін әртүрлі байқаулар ұйымдастыруды да жоспарлауда.
Біздің компания ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен дамытуда маңызды саналатын қоғамдық істердің алдында келеді. Мысалы шетелдік киноларды қазақша дубляждауға ұзақ жылдардан бері қаржылай қолдау көрсетіп келеміз. BINOM инновациялық мектептері Ыбырай Алтынсарин, Қаныш Сәтбаев, Әбіш Кекілбаев сынды қазақ ағартушылары мен ғалымдарының есімдерімен аталады. Ұлттық киім күні және Қазақ тілі күні біздің корпоративтік мәдениетіміздің бір бөлшегі. Сондықтан Мемлекет басшысының қазақ тілін дамыту бастамасын қолдау – азаматтық міндетіміз. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен әріптестігіміз қазақ тілін дамытудағы көп іске септігін тигізеді деген үміттеміз, - дейді BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.
BI Group компаниялар тобы – еліміздегі ірі инновациялар холдингі, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшысы. Холдинг 1995 жылы құрылған. BI Group – құрылыс, девелопмент және инжиниринг сынды түрлі салаларда құрылымы әртараптандырылған холдинг.
Халықаралық Қазақ тілі қоғамы – 1989 жылы 22 қыркүйекте құрылған. Ол қазақ тілін дамытуға ынталы тіл жанашырларын біріктіретін ірі қоғамдық ұйым. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейту, беделін арттыру, қазақ мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, тілді қолдану мен оны үйретуде жаңа технологиялық әдістерді пайдалану бағытында қызмет атқарады.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды