Аяқталуға таяған сот: Қаржаубай неге «сен жігіт емес шакалсың» деді?
Фото: Orda.kz
Талдықорғандағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы қылмыстық іс материалдарын қарап жатыр. Сотта 2024 жылдың 16 қазанында болған жәбірленуші Нұрымов Қаржаубай мен күдікті Равиль Сәкиевтің беттестіруі жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Соттың бұл кезеңінде тараптар тергеу барысында жиналған бейнежазбаларды, жазбаша құжаттарды және басқа да деректерді саралайды. 2024 жылдың 16 қазанында болған жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов пен күдікті Равиль Сәкиев арасындағы беттестіруде Нұрымов Сәкиевке баласы Шерзатқа пышақ тығылғанын көріп тұрып, оны ары қарай аяусыз ұрған, әрі Ғайыпбаевты да пышақтаған осы Сәкиев деп айтқан еді. Беттестіруде Сәкиев кешірім сұрай бастағанда Қаржаубай: «сен менен кешірім сұрама» деп айтты.
«Пышақталған баланы мыналар теуіп тұрып өлтірді. Әйтпесе, балам тірі еді, пышақ сұғылса да дем алып, сөйлеп жатыр еді. Артынан барып інімді де пышақтаған осы. Кешірім сұрама менен, сен жігіт емессің сен шакалсың, Нұрғанатты пышақтаған сен», – деп айтты Нұрымов.
Ал Сәкиев, Ғайыпбаевты пышақтамағанын тек бөтелкемен ұрып, аяқпен тепкенін ғана мойындады.
«Мойындаймын, мен жігіттермен жабылып Нұрғанатты үш рет тептім. Бірақ, мен пышақтамадым», – дейді Сәкиев.
Айта кетейік, кешегі сот отырысында күдікті Абзал Шынасыл Ғайыпбаевтың санына пышақ сұққанын мойындаған болатын.
Сонымен қатар, бүгін сотта судья күдіктілердің бейнежазбасының желіде тарап кетуіне кім кінәлі екенін айтты. Сонымен қатар күні кеше үзіліс кезінде «келісіп қойдық» деген сөз жазылған диалогқа қатысты қаулы шығарды.
Жаңалықтар
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?