Ахметжан Есімов Елбасының көмекшісі болып тағайындалды

cover Литер

«Самұрық-Қазына» қорының экс-төрағасы Ахметжан Есімов Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Orda.kz Елбасының сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Еске салсақ, Ахметжан Есімов 2021 жылы наурыз айының соңында «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы қызметінен белгісіз себептермен кеткен болатын. Оның орнын Алмасадам Сәтқалиев келді.

70 жастағы Есімов ұзақ жыл мемлекеттік қызметте істеген:

  • Премьер-министрдің орынбасары
  • Ауыл шаруашылығы министрі
  • Алматы қаласының әкімі
  • Елордада Экспо-2017 халықаралық көрмесін өткізу мен нысандарын салуда жауапты болды
  • 2017 жылдың желтоқсан - 2019 жылдың наурызы аралығында квазимемлекеттік сектордағы компанияларды біріктіретін қорды басқарды.

Ахметжан Есімов түрлі қызметтерді атқару кезінде сынға ұшыраған.

«Самұрық-Қазына» қорының төрағасы болып тұрған шақта ол қордың шамамен 350 млн доллар қаражатын экс-күйеу баласы Ғалымжан Есенов бақылауындағы АТФ банкте сақтаған. Мұнда қор ережесі бұзылған: заң бойынша қор қаражаты рейтингі «А» санатындағы банктерде сақталуы тиіс еді, ал АТФ банктің рейтингі ол кезде «B» санатында болған.

2020 жылы қараша айында Есенов АТФ банкті Jýsan bank-ке сатты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар