«Әділетті Қазақстанды қашанға жоспарлап отырсыздар?» – Ринат Зайытов
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов заң жобасы бойынша сұрақтар қойды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Осы заңның аясында 429-бапқа қатысты ұсыныс беріп отырмыз. Өзіңіз білетіндей, бұл бапты "қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме қызметкері және оның жақындары сотталған адамдарға күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу" дейді. Бұл қалай? Сонда біз Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттап отырмыз, ал екінші бабымен қорғап отырмыз. Бұған неге жол ашып отыр? Мекеме әкімшілігімен келісіп алып, басқа сотталушыларға зорлық-зомбылық көрсетіп отырған фактілер жетерлік. Осы орайда, біз «сондай-ақ сотталған адамға қатысты» деген жерін алып тастауды сұрап отырмыз», - деді депутат.
Ринат Зайытов өз кезегінде Әділет министрінің пікірін сұрады.
«Екінші сұрағым бүгінгі заңға қатысты болмаса да, айтатын басқа жерім жоқ. Сондықтан айтуға мәжбүрмін. Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура және жоғарғы соттың өкілдеріне біздің Президенттің халыққа үміт берген бір сөзі «Әділетті Қазақстан» деген сөзі еді. Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кете салып, қамай алатын Ішкі істер министрлігі бар. Оған жоқ жерден айып тағатын Прокуратура бар. Шешім шығара салатын Сот бар. Осы Әділетті Қазақстанды орнатуды қашанға жоспарлап отырсыздар?», - деді Ринат Зайытов.
Ал Әділет министрі Азамат Есқараев бұл сұраққа мәселеге қосымша жауап беруге дайын екенін айтты.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды