Әділ Ғалиахметов шорт-тректен әлем чемпионатының финалына шықты

cover Фото: gov.kz


Қазақстан шорт-трек құрамасының өкілі Әділ Ғалиахметов Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Orda.kz.


Енді қазақстандық спортшы 1000 метр қашықтықтағы жүлдені сарапқа салады. Жартылай финалда Ғалиахметов канадалық Олимпиада чемпионы Стивен Дюбуаны жеңіп, бірінші орынға шықты. 

2025 жылдың 15 наурызында қазақстандық Денис Никиша Бейжіңде өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар