Адам өлтірген азамат 25 жылдан кейін ұсталды
Фото: pexels
1997 жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Бельгияда ұсталып, Алматыға жеткізілді.
Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров Facebook парақшасында жазды.
Тергеу мәліметтері бойынша, қазір 63 жастағы зейнеткер 1997 жылдың жазында Новосибирскте жерлесін ұрлап, өлтіруге қатысқан. Қылмыскерлер өлтірілген ер адамның туыстарынан 100 мың доллар төлем талап еткен.
«Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған құжатпен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық Прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп жазды Заппаров.
Ер адам мемлекетаралық және халықаралық іздеуге жарияланды. Тек 25 жылдан кейін оның осы уақыт бойы жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргенін анықтау мүмкін болды. Күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді. Сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді