Абу-Дабиге жаяу бара жатқан танымал блогер жоғалып кетті

cover Фото: Instagram / euro_soiuz

Халыққа «Саламалейкууум!» деген есіммен танымал болған қазақстандық блогер Ерхат Құсайынов жоғалып кетті, деп хабарлайды Orda.kz buzyq телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Достарының айтуынша, Ерхат бір апта бойы хабарсыз кеткен. Соңғы рет 17 қарашада ол Самарқан арқылы өтіп бара жатқанын айтып, Бұхараға келгені жайлы сторис жариялаған болатын. Одан кейін оның ізі мүлде жоғалған.

Ерхаттың Түркменстанмен шекараны кесіп өтіп, Абу-Даби бағытына қарай жолын жалғастырып жатқан болуы мүмкін деген болжам бар. Buzyq арнасының мәліметінше, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі блогердің жоғалғанын растап, оны іздестіру үшін шара қабылданатынын хабарлады.

Ерхаттың достарының бірі оның табылғанын хабарлады. Ол Түрікменстанда екен. Жергілікті билік оның жолын бөгеуі мүмкін деп хабарлады достарының бірі. 

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар