Абайлаңыз! Сырттан келетін жемістен аса қауіпті зиянкестер табылды!
Фото: Gov.kz
Қырғызстаннан келе жатқан жемістерді шекаралас Жамбыл облысы «Қарасу» бекетінде тексерген болатын. Ресей Федерациясына жөнелтілген «қара өрік» өнімінде комсток құрты табылды.
Карантиндік зертханалық сараптаманың қорытындысы оны растап отыр.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция хабарлады.
Жалпы салмағы 19 200 кг болатын барлық құрттаған өнім қайтадан Қырғыз Республикасына қайтарылды. Сондай-ақ, оларға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Бұған дейін Ресейден келген 28,08 тонна бананнан да осыған ұқсас құрттар табылған еді.
Осы факт бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Құжаттар әкімшілік сотқа жіберілді. Сот шешімімен 28,08 тонна жаңа банан зарарсыздандырды.
Бұл құрттар өсімдіктердің көптеген түрлерінде тіршілік етеді. Негізгі жемдік өсімдіктер-алмұрт, алма ағашы, анар, шабдалы, жүзім, тұт, терек; одан басқа көкөніс дақылдарын – қызылша, сәбіз, картопты бұзады.
Бұл зиянкестер қауіпті карантиндік объектілер саналған соң, уақытында анықтап, карантинге жауып, жойып жіберу өте маңызды.
Мұндай карантинге алынатын зиянкестердің таралуы ауыл шаруашылығына едәуір зиян тигізуі мүмкін.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?