Абай облысында көлік қаққан екі баланы мінгізген ұшақ Астанаға шұғыл түрде ұшып кетті
Фото: Бейнеден кадр
Абай облысында көлік қағып зардап шеккен екі бала мінген ұшақ 13:04-те Үржар әуежайынан Астанаға шұғыл түрде ұшып кетті. Бір бала станционарда қалды, деп хабарлайды Orda.kz өңірдегі Абай ақпарат басылымына сілтеме жасап.
19 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Бестерек ауылында 55 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан шамамен 10 метр қашықтықта тұрған балаларды қағып кеткен еді.
Редакцияның қолына түскен кадрлардан көліктің қоршауды қиратып, оның астында балалардың қалып қойғаны анық көрінеді. Үш, екі және сегіз жастағы балалар көз жұмды. Олардың бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Тағы үш бала — алты және тоғыз жаста — ауыр жарақатпен Үржар аудандық ауруханасына жатқан болатын. Бүгін зардап шеккен екі бала мінген ұшақ шұғыл түрде Астанаға жол тартты.
Абай облысының Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астанаға жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиация борты ұшып шықты.
Пациенттерді Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына госпитализациялау туралы шешім қабылданды.
Бортта балаларды дәрігерлер бригадасы: ҰШМҮО реаниматологы Е. Шақан, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологы Н. Жәкіпов және Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургы С. Сейітбеков алып кетті.
Оқиға орнында аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құралған мультидисциплинарлық бригада барлық диагностикалық тексерулерді жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайына баға беріп, шұғыл ем жоспарын құрды.
Жағдайдың тұрақсыздығын ескере отырып, тоғыз жасар қыз пациенттердің бірі Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д. Кәрімовтың бақылауында жағдайы тұрақталғанша стационарда қалады.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші ұсталып, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын растады. 55 жастағы азаматтың тегі Аңсаев. Жүрек ауруы және эпилепсиясы бар. Оқиға болған күні ұстамасы ұстап қалып, рөлге ие бола алмаған көрінеді.
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр