«Абай ешкімді зорлаған жоқ»: қыздың әкесі ҰҚК қызметкері болғаны үшін сотталды

cover Коллаж Orda.kz

Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны Ғани Абай Жамбыл облысы, Тараз қаласы №2 сотының шешімімен 5 жыл 4 айға сотталды.

Еске салсақ, бұған дейін Orda.kz Тараз қаласының тұрғыны «Индрайвер» қосымшасы арқылы такси қызметін көрсетіп жүріп, қалай істі болып кеткені туралы баяндаған.

Тараз қаласының тұрғыны «Индрайвер» косымшасы арқылы такси қызметін көрсетіп жүріп, «Атмосфера» кафесіне кезекті тапсырысына келген. Жамбыл даңғылында орналасқан ойын-сауық мекемесінен такси шақырған Г. есімді азаматша шығып, қызыл түсті Mersedes автокөлігіне отырған. Көлікке отырған қыз арада үш күн өткен соң «жүргізуші мені зорлады» деп полицияға арыз түсірген.

«Оқиға былтыр 18 қазан орын алған болса, жәбірленуші полицияға арызды тек үш күннен кейін 21 қазанда жазған. Үш күн бойы жәбірленуші шын кінәлі адамды жасырып қалғысы келді ме, әлде Ғани Абайды құқығын қорғайтын адамы жоқ деп ойлағанын жүзеге асырды ма белгісіз» деді Абайдың әкесі Ғани Қошалиев.

Оның айтуынша, сот қорғаушы жақтың ұсынған құжаттарын ескерусіз қалдырып, тек жәбірленуші жақтың уәждерін ескерген. Абайдың әкесі сот шешіміне зардап шегуші қыздың әкесі әсер еткенін алға тартты. Арыз жазушы қыздың әкесі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу басқарма бастығының орынбасары болып қызмет атқарады.

Жас жігіттің ата-анасы президент Тоқаевтан ұлына араша сұрайды. Олар одан істі өз бақылауына алып, әділ шешім шығаруын өтінді.

Авторы: Исламбек Дастан, Тараз

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар