«Ақжайық» бапкері матч кезінде инфаркт алды

cover sports.kz

«Ақжайық» командасының бас бапкері Владимир Мазяр матч кезінде инфаркт алды, деп хабарлады Orda.kz Вестиге сілтеме жасап.

Орал клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, жаттықтырушы ауруханаға жатпаған.

– Бас жаттықтырушы Владимир Мазяр ауруханаға жеткізілмеген. Кездесуде болған медициналық топ оны стадионда тексерді. Оған укол салынып, қажетті медициналық көмек көрсетілді, бәрі жақсы. Маман ретінде ол барлығын жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан бұл жаттықтырушының жағдайына әсер еткен, дәрігерлер қажетті көмек көрсетті, - деді Vesti.kz тілшісіне «Ақжайық» ФК директоры.

Бұған дейін 43 жастағы Владимир Мазардың «Шахтермен» ойын кезінде жүрек талмасымен ауруханаға жеткізілгені хабарланған.

14 сәуірде 2:1 есебімен «Ақжайық» пен «Шахтер» матчы өтті. Қарағандылық клубтың футболшылары екі автогол соқты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар