Ақтауда жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 2,5 жылға сотталды

cover

Ақтауда мас жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қағып кеткен. Ол 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бұл туралы Orda.kz Лада порталына сілтеме жасап хабарлады.

Кінәлі жүргізуші марқұмның отбасына 39 мың теңге өтемақы төлеуі керек. Сондай-ақ, оны он жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Оқиға өткен жылдың қаңтарында 11-ші ықшамауданда, «Заман» сауда орталығына қарама-қарсы жерде орын алған. Lada Granta көлігі сол сәтте жаяу жүргіншілер өткелінен жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Алған жарақаттардан 1968 жылы туған ер адам сол жерде қайтыс болды.

Полиция кінәлі жүргізушіні ұстады. Жүргізуші мас болған.

Адам өліміне әкелген оқиға видеоға түсіп қалған. Бейнежазбада жаяу жүргіншілер өткелінде көліктің адамды қалай қағып кеткені көрсетілген.

Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар