Қаңтар оқиғасы: Семейде үш адам сотталды

cover

Семей қалалық соты үш адамды төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

– ҚР Қылмыстық Кодексінің 272 және 380-баптары бойынша «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» және «билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» бойынша Семейде үш адам сотталды, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сот қаулысына сәйкес, жеңілдетілген мән-жайларды ескере отырып, оларға төрт жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қаңтар айының басында Қазақстанда жаппай наразылық шеруі өтті. Бас прокуратураның мәліметінше, бұл фактілер бойынша бес мыңға жуық қылмыстық іс қозғалған. Ведомство әлі күнге дейін құрғақ сандармен шектеліп, қайтыс болғандардың ресми тізімін жариялаған жоқ.

225-тен астам адамның денесі мәйітханаға жеткізілді, олардың 19-ы полицейлер мен әскери қызметкерлер.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар