Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: екі адам жарақат алып, үш адам қайтыс болды

cover

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым күні сағат 17:21-де Қарабұтақ-Қостанай тас жолында Lifan автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Ресей Федерациясы азаматы басқарып келе жатқан MAN жүк көлігімен соқтығысқан.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Апат салдарынан Lifan автокөлігінің жүргізушісі, 1980 және 1959 жылғы екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Сонымен қатар, 1969 жылы туған әйел және 1973 жылы туған ер адам Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысының ПД басшысы Атығай Арыстановтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларына алып келетін басты себептердің бірі - жүргізушілердің ережелерді ескермеуі. Сондай-ақ, оның айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, мас күйінде көлік жүргізу болып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар