Ақтөбе облысында жаңа шектеулер күшіне енеді

cover

Ақтөбе облысында карантиндік шаралар күшейтілді. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.

Құжатқа сәйкес, аймақта тыйым салынады:

  • құдайы тамақ беруге;
  • бұрын рұқсат етілген жабық орындардағы бильярд және балалар ойын алаңдары мен аттракциондарды қоса алғанда, ойын-сауық мекемелерінің жұмысына;
  • білім беру ұйымдарындағы асханалардың жұмысына;
  • жексенбіде сауналардың жұмысына.

Спорттық жарыстарды өткізуге рұқсат етіледі, бірақ көрермендерсіз. Қоғамдық тамақтану объектілері 7.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Бүгін, 22 наурызда Ақтөбе облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.

Жаңа ережелер 24 наурыздан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар