Ақтөбе облысында 22 цистерна рельстен шығып кетті

cover

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы рельстен шығып кетті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

– 26 ақпанда сағат 11.55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагоннан 22 жүк цистернасы рельстен шығып кетіп, оның 13-і аударылды. Теміржолдың 150 метрі зақымданды, - деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Осы төтенше жағдайға байланысты Атырау-Алматы бағытындағы N42 пойыз кешігуде, ол қазір Ембі қаласындағы станцияда.

– Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған Төтенше жағдайлар министрлігі, "РОП" және ҚТЖ АҚ қызметкерлері қатысуда, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар