Ақтөбе әкімдігін басып алған сәттің видеосы жарияланды

cover

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ақтөбе облысының әкімдігін басып алған сәттің видеосы жарияланды.

Жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, радикалды көзқарастағы элементтер Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын 5 қаңтарда митинг кезінде басып алғанын атап өтті.

«Тәртіпсіз топ бірнеше кабинетті талқандады, тұрмыстық техника және т.б. зақымданды және ұрланды. Кадрдан олардың жиһазды сындырып, әйнектерді ұрып, шағып жатқанын көруге болады» делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратына жасалған шабуыл нәтижесінде келтірілген шығын шамамен 300 миллион теңгені құрағаны аталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар