Ақпан айында еліміздегі пәтер бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

cover

Ақпан айында ҚР тұрғын үй нарығындағы ұсыныстар бағасы 3,5% - ға өсті. Өсім зейнетақы жинақтарын алу бойынша көш басында тұрған үш облыста байқалады, деп хабарлайды ORDA. Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда баға 20,3% - ға өсті. Ең көп өсім — Павлодар (34,2%), Петропавл (33,8%), Өскемен (31,7%), Шымкент (26,2%) және Семей (25%). Ең төмен көрсеткіш — Оралда (17,3% ), Алматыда (13,7%), Атырауда (12,8%), Ақтауда (6,6%) және Нұр-Сұлтанда (6,2%).

Шаршы метр бағасын көтеру бойынша алдыңғы қатарда - Ақтау (13,1% ). Қарағандыда бағалар қалыпты, әр шаршы метрдің құны 1,1% - ға өсті.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуін көптеген мамандар зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігінің пайда болуымен байланыстырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар