9,5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: Егемен Қазақстан
Қазақстанда комиссия арқылы 9,5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
«9,5 миллион гектар мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар, олар меншік иелерін қосымша 3,2 миллион гектар жерді айналымға енгізуге мәжбүрледі. Қазір барлығы 12,7 миллион гектар жер қаралуда» делінген пайдаланылмаған және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссия отырысының хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, нәтижеге озық өңірлер есебінен қол жеткізілген, дегенмен белгіленген көрсеткіштерден 30%-дан 50%-ға дейін артта қалған аудандар да бар.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті қызметкерлері 2,1 млн гектар жерді пайдаланушыларға қатысты 1174 жоспардан тыс тексеру жүргізді: жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1,45 млн гектар жерге қатысты 852 ұйғарым шығарылды, 553,3 мың гектар жерге қатысты 209 материал сотта қаралды.
Сондай-ақ, 2022 жылдың басынан бері 836,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша әкімдіктердің 566 заңсыз шешімі анықталды. Оның ішінде 153 шешімнің күші жойылса, қалған 413 шешімнің күші жойылуда.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты