9 жыл бұрын адам өлтірген қарағандылық сотталды

cover 3Dnews

Адам өлтіріп, сегіз жыл полициядан жасырынып келген қарағандылық соттады. Қарағанды ​​облысының қылмыстық соты оны 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Нысамбаев Қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотталды. Сондай-ақ, ол зардап шеккен тарапқа 10 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс.

Сотта 2012 жылдың 12 мамырында Нысамбаевтың марқұмға 13 пышақ жарақатын салғаны анықталды. Осыдан кейін 24 жастағы Рашит Көкшолақов ауруханада көз жұмған. Нысамбаев сегіз жыл бойы полициядан жасырынған, тіпті ол халықаралық іздеуде болған. Ал 2020 жылы оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар