«9 келі салмақ тастадым»: Президент денсаулығы жайлы сөз қозғады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында денсаулығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тоқаев күн сайын йогамен шұғылданатынын айтты. 

«Бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым», — деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, денсаулығы жақсы, қан қысымы қалыпты. 

Айта кетейік, президент заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтаруға қатысты жаңа заңға қол қойды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар