8 наурызда әйелдер митингісін талап еткен журналист пикетке шықты
Коллаж: Orda.kz
Алматыда журналист Айсұлу Тойшыбек әйелдер маршы мен 8 наурызда өтетін митингіні қолдау мақсатымен пикетке шықты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Журналист «Панфилов» көшесінде, «Жібек жолы» метро станциясының жанындағы жаяу өткел тұсында бір сағат пикет өткізіп, қолына «Әйелдер нені қалайды? Әйелдер маршты қалайды. Марш болсын» деген жазуы бар плакат ұстаған. Ол пикетке шығатыны туралы eOtinish порталы арқылы жергілікті билікке хабарлағанын айтқан.
Пикетте Айсұлудың Алматы әкімі Ерболат Досаевқа үндеу тастап, белсенділердің митингі мен марш өткізуіне рұқсат беруді сұрағаны көрінеді.
Әйелдер құқығын қорғаумен шұғылданатын әртүрлі топтар 8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесі күні «Қазақстан әйелдерінің қауіпсіздігі мен еркіндігі» деген тақырыпта әйелдер митингісі мен маршын өткізуді жақтап келеді. Фем-белсенділер Алматы әкімдігіне бірнеше рет хабар берген. Алайда әлі күнге келісім ала алмаған.
2020 жылы қабылданған «Бейбіт жиын туралы» заңды Астана «прогрессивті және демократиялы» заң деп атайды. Бұл заң бойынша қандай да бір бейбіт жиынға шығатын адам ол жөнінде әкімдікке хабар берсе жеткілікті. Бірақ шын мәнінде жергілікті биліктің келісімін алуға тиіс.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?