7 жастағы қызды мерт қылған көлік жүргізушісі 5 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Бейнеден кадр
Алматы қаласында 2 наурыз күні 7 жастағы қызды абайсызда басып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Алатау ауданында болды. Бейнебақылауда марқұм Айзере Ибраева қосымша сабағынан қайтып келе жатып, жолдың екінші жақ шетінде күтіп тұрған анасына бара жатқаны көрінеді. Боралдай көшесінен Renault жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші абайсызда жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан 7 жастағы қыздың үстінен басып өтеді. Оқушы қыз оқиға орнында көз жұмады.
«Автобус жүргізушісін міндетті түрде ұстаңыздар! Ол балаға жолдан өтуге кедергі келтірген соң, қыз фураның жанында тұрып қалды. Соның кесірінен, жүк көлігінің жүргізушісі оны көрмей, басып кетті», – деді қыздың туысқаны.
Полиция қызметкерлері 66 жастағы жүк көлік жүргізушісін ұстады. Ол «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу» фактісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал автобус жүргізушісіне әлі ешқандай айып тағылмады.
Оқиға болған жерде тұратын тұрғындар бұндай жағдайдың бірінші рет болып тұрмағанын айтты. Бұған дейін де балалар мен ересектерді көлік қаққанын және тұрғындар жоғары жаққа бағдаршам мен жарықтандыруды жақсарту керек екенін айтып шырылдаған. Алайда оларға сол күйі ешкім жауап бермеген. Енді тұрғындар жер асты өткелін салуды талап етіп отыр.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты