7 жасар Каринаның өлімі: прокурор өгей анасын 20 жылға соттауды сұрады

cover Фото: Orda.kz

Мемлекеттік айыптаушы жарыссөз кезінде Карина Закураеваны өлтірді деп айыпталған 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Күдікті – марқұм баланың өгей шешесі, МИБ бұрынғы төрағасы, белгілі белсенді Балжан Тұрлыбек. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Прокурор оны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Аса ауыр санатқа жататын қылмыстың ауырлығын ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймыз. Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды жөн деп санап, соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрайды. Сондай-ақ сотталушыдан 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына төленсін", - деді прокурор. 

Сотталушының өзі кінәсін мойындаған жоқ. Тұрлыбек пен оның адвокаттары Каринаның өліміне әкесі кінәлі деп отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар