7 мамыр күні Отан қорғаушылары мерекесіне не сыйлауға болады?

cover Фото: Livelove

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Ал аталмыш мереке қарсаңында жақыныңызға қандай сыйлық сыйлауға болады? 

Orda.kz тілшісі сіздерге бірнеше идея ұсынады.

Алдымен ер адамдарға қажетті заттардан бастасақ:

Сағат – классикалық киімдерге арналған немесе күнделікті тағып жүруге жарайтын сағат. 

Термос – егер ол табиғатта жиі серуендейтін болса, онда термос таптырмас сыйлық.

Қалам мен дәптер – егер сыйлық сыйлайтын ер адамыңыздың жазу өнері болса (журналист, ақын, жазушы) қалам мен дәптер ең тартымды сыйлық. Дәптердің сыртына оның аты-жөнін тапсырыспен жаздыртсаңыз да болады.

Парфюм – әйел адам ғана емес, сондай-ақ қоғамда ер адамның үстінен де жағымды иіс шығып тұруы маңызды. Сондықтан оларға парфюм сыйлаған да жөн.

Сертификат – иіссудан бөлек ер адамның сәнді киініп жүргені де маңызды. Ерлер киімі дүкеніне арналған сертификат сыйлау – таптырмас идея.

Аксессуарлар – ерлерге арналған аксессуарлар мыналар: көзілдірік, тізбек (алқа, цепочка), телефон қаптамасы (чехол), білезік.

Көлігіне арналған аксессуарлар – егер сыйлық беретін адамыңыздың көлігі бар болатын болса, онда оның көлігіне арналған жабықтар сыйласаңыз болады. Қайткенмен де әр еркек үшін оның көлігі де маңызды. Мәселен көлігінен әдемі иіс шығып тұруы үшін айнаға іліп қоятын иістендіргіш сыйласаңыз болады.

Әмиян – еріңіздің аты-жөні жазылған былғары, сапалы жасалған әмиян. Ерекше стильде, қазақы ою-өрнекпен әрлесеңіз тіпті керемет. 

Кітап немесе мөр – егер еріңіз кітап құмар адам болса, оның оқығысы келіп жүрген кітабы немесе кітап тек соған ғана тиесілі екенін дәлелдейтін мөр сыйласаңыз да болады.

Orda.kz редакциясы мерекемен барша Қазақстан халқын құттықтайды! Отан қорғаушылар күні тек ер адамдарға емес, әйелдерге де қатысты мереке. Соғыстан ең бірінші жапа шегетін — әйел мен бала. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар