7 ақпан таңға дейін алты облыста жол қозғалысы шектелді

cover Фото: ҚазАвтоЖол

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның 6 облысында бірқатар автожол учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Шектеулер 7 ақпан таңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Қозғалыс шектелген аймақтар:

• Абай және Шығыс Қазақстан облыстары (сағат 09:00-ге дейін):

Өскемен – Семей, Семей – Қайнар және Семей – Ресей Федерациясы шекарасы бағыттарындағы жолдар көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Глубокое – Шемонаиха учаскесінде тіркемесі бар жүк көліктері қозғалысына тыйым салынды.

• Қарағанды облысы (сағат 09:00-ге дейін):

Қарағанды – Ботақара және Молодежный – Павлодар облысы шекарасы бағыттарындағы жол учаскелері барлық көлік түріне жабық.

• Павлодар облысы (сағат 08:00-ге дейін):

Қарағанды облысы шекарасына дейінгі жол учаскесі барлық көлік үшін жабылды.

Ал Астана бағытына апаратын тас жолда (Атамекен елді мекенінен бастап) автобустар мен жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.

Ақмола және Жамбыл облыстары (сағат 08:00-ге дейін):

Астана – Павлодар облысы шекарасы автожолында және Қордай асуын айналып өтетін жолда автобустар мен жүк көліктері қозғалысына шектеу енгізілді.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.


Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар