«7 адам мерт болды»: Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды

cover Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағанды облысында «Альфард» аударылып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы оқиға бүгін, 15 қараша күні сағат 10: 00 шамасында  «Қарағанды-Балқаш» бағытындағы жолдың бойында Құрма ауылынан екі шақырым жерде болған. 

Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, апатқа көктайғақ себеп болуы мүмкін. 54 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай «Тойота Альфард» көлігі аударылып қалған. 

Сол жерде жүргізуші мен 6 жолаушы көз жұмған. Оның екеуі бала. 12 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. 

Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар