65 мыңнан астам елордалық коронавирусқа қарсы екпе алды

cover

Елордада 600 мыңнан астам адамға вакцина егу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Orda.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Нұр-Сұлтан» қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тимур Мұратовтың айтуынша, жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, 600 мыңнан астам адамға топтық иммунитетін қалыптастыру үшін вакцина егу жоспарланып отыр.

– Бүгінгі күні елордада 65 мыңнан астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Бұл медициналық қызметкерлердің, мұғалімдердің, құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар және барлық тілек білдірушілер. Вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелмеген, - деді Мұратов.

Қазіргі уақытта вакцинация пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін көбйді. Сонымен қатар, жұмыс уақыты 8:00-ден 24:00-ге дейін, сауда және ойын-сауық орталығында - 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды. Вакциналау аймақтары Mega Silk Way мен Хан Шатырда орналастырылған.

– Азаматтарды апта сайын қабылдау кезінде Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында 1800-ден астам адам вакцинациядан өтті. Жақын уақытта мұндай пункттер «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде ашылады. Қажет болса, вакциналау пункттері қаланың қонақ үйлерінде де ашылады, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, денсаулықтау басқармас еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау бойынша мобильді топтар ұйымдастырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар