60 үйге су кірді: Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

cover Фото: Видеодан кадр

Ақмола облысының Астрахан ауданында 60 үйге су кіруіне байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz. 

Астрахан ауданындағы төрт ауылдың тұрғындары қар суынан зардап шекті. Аймақтағы 60 үйге су кірді.  Ал Ескі Қалқұтан ауылынан хабар жоқ. Бұл ауылдағы 36 үйге су кіріп, жолды су шайып кетті. ТЖМ қазір жолды қалпына келтіріп жатқанын айтты. 

Бүгін тасқынның беті қайтып, Колутон өзенінің деңгейі 35 см төмендеген. Тасқынның зардабын жою үшін жергілікті өңірде төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысы Аршалы ауданының кәсіпкері Дидар Қызыров жергілікті әкімдік оған 2024 жылы су тасқыны кезінде еріген қар суын сору жұмыстары үшін 35 млн теңгеден астам қарыз болғанын мәлімдеген еді. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар