6 жасар қызды қорлаған азаматқа қатысты істі полицейлер жылы жаппақшы

cover

Адвокат Инга Иманбай facebook парақшасында БАҚ өкілдерінен және құқық қорғаушылар мен балалар омбудсмені Динара Зәкиевадан көмек сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Адвокаттың сөзінше Бостандық аудандық полиция бөлімі Жанат Уәлиеваның бұрынғы күйеуінің алты жасар қызын қорлауына қатысты істі жабуға ниетті.

«Жанат пен оның балаларының айтуынша, полицейлердің салғырттығынан  өз қызын зорлаған педофил бостандықта қалуы мүмкін. Полиция бұл істі дұрыс зерттегісі келмейді. Біз, әрине, мұнымен келіспейміз және тергеуді қайта бастауға тырысамыз, біз сот пен прокуратураға шағым жаздық», - деді Инга Иманбай.

Инга Иманбайдың айтуынша 24 желтоқсанда 11:00-де Алматы қаласының ауданаралық тергеу сотында бұл шағым қаралады.

«Тергеуді қайта аша алмасақ, педофил (анасы мен балаларының айтуы бойынша) бостандықта қалуы мүмкін, ал қызын зорлықтан қорғаған ана түрмеге жабылуы мүмкін», - деді Инга Иманбай.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар