«500 мың теңгеге өлтірді»: Атырауда Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша сот басталды
Фото: Яна Легкодимованың отбасы мұрағатынан.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жас қыз Яна Легкодимованы қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Янаны тұншықтырып өлтіріп, денесін Жайық өзеніне тастап жіберген.
Айыпталушылар орындығында — Құрманғазы ауданының тұрғындары 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қатимов. Оларға алдын ала сөз байласу арқылы топ болып адам өлтірді және ұрлық жасады деген айып тағылған. Қатимовқа тапсырыспен «кісі өлтіру» бабы қосылған.
Тергеу нұсқасы бойынша, Яна Хайржановпен кездесіп жүрген және оның басқа қызы барын білмеген. Яна бұл жайлы айтпақ болғанда, Хайржанов одан құтылуды шешіп, Қатимовқа көмегі үшін 500 мың теңге ұсынған. 2024 жылдың 19 қазанына қараған түні ол қызды көлікте тұншықтырып, денесін өзенге тастаған.
Янаның сүйегі биыл жазда табылып, кейінірек танылған. Істі судья Зарема Хамидуллина жүргізіп отыр. Айыптаушы тараптың дәлелдері — әлеуметтік желідегі бір-біріне жазбалар куәгерлердің түсініктемелері, сараптама қорытындылары және өзге де дәлелдемелер.
Сот процесін Атыраудағы біздің тілшіміз бақылап, алдағы уақытта ақпарат таратып отырады.
Жаңалықтар
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды