«5 жыл бойы»: Өгей қызын аймалаған ер адамның әрекеті әшкере болды
Коллаж Orda.kz
Атыраудың Ракуша ауылында ер адам өгей қызына 5 жыл бойы жыныстық сипаттағы іс әрекеттерді зорлықпен жасап келгені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы блогер Рүстем Баязиев өзінің instagram парақшасында айтты. Оқиға Атырау қаласы Ракуша ауылында болған, 1982 жылы туған Аслан Қиззатов атты ер адам өгей қызына зорлық көрсетті деген күдікке ілікті.
Қызға жыныстық сипаттағы, зорлық-зомбылық іс әрекеттерді 12-13 жастан бастап 5 жыл бойы көрсетіп келген. 17 жасар қыздың зорлыққа ұшырап жүргенін нағашы әпкесі әңгіме арасында анықтап алған екен. Ер адам қызға мамасы жоқта анайы әңгімелер айтып мазасын алған.
Қыздың айтуынша, ең бірінші әрекеті осыдан 5 жыл бұрын басталған, қыздың анасы роддомға кеткенде тиіскен. Осы жағдай 5 жыл бойы жалғасып келген, қыздың қолын алып өзінің жыныс мүшесін ұстататын болған.
Нағашы әпкесінің айтуынша, ер адамның тұрақты жұмысы жоқ, қыздың анасы күні бойы жұмыста, пәтердің ақысын да, балалардың тамағын да жалғыз әйелдің мойнында екен. Тіпті күйеуіне несиеге көлік те алып берген.
«Бұл 2017 жылы анашамен ұсталып 5 жылға бас бостандығынан айрылып, үкімінің 3/1-ін отырып шықты, яғни 1 жыл 10 ай. Тұрақты жұмысы жоқ адам, апамның айтуы бойыншы жұмыс жасағысы келмейді. Үйде жатқанды жақсы көреді. Сол апамды жұмысқа шығарып салып, мына қызға білгенін жасап келген екен», – деді қыздың нағашы әпкесі.
2024 жылы ҚР ішкі істер министрлігі статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтерінде кәмелетке толмағандарды зорлау бойынша 97 оқиға тіркелген. Ал оларға осы жыныстық сипаттағы күштеу әрі зорлық-зомбылық бойынша 87 оқиға тіркелді. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе басқа жыныстық сипаттағы 138 оқиға тіркелді.
Сондай-ақ, осы қылмыс бойынша сотталғандардың саны бар статистиканы назарларыңызға ұсынамыз.

Orda.kz назарларыңызға 2024 жыл мен 2023 жылғы балаларға қатысты статистикалық деректерді ұсынады.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема